Тараз әкімдігі «Қазфосфат» зауытынан шыққан қою түтінге қатысты түсініктеме берді. Әкімдік қала тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.
Әкімдік уадан зиянды заттардың артық мөлшері анықталған жоқ деп мәлімдеді.
Тараздағы «Қазфосфат» зауытын шыққан түтіннен ауадан зиянды заттардың артық мөлшері анықталған жоқ, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Билік өкілдеінің айтуынша, қала тұрғындардың денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, түтін басылды. Экология департаменті Тараздағы Сүлейманов көшесінде ШРК бойынша өлшеу жүргізді.
«Нәтижесінде аммиак пен күкіртті сутегі бойынша ШРК мөлшерінен аспағандығы анықталған. Фтор қосылыстарының аздап жоғарылауы байқалған», — деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Шайқорық ауылында да зерделеу жүргізілген. ШРК артуы анықталған жоқ.
11 шілдеде сағат 20.00 шамасында «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында түтін шықты. Қаланы қою түтін басты. Экология министрлігі ауада қалқыма бөлшектер (шаң), азот диоксиді, күкіртті сутегі бойынша ластанудың жоғары деңгейі байқалғанын хабарлады.