Қазақстанның жаңа облыстарынан депутаттар сайлау ағымдағы жылдың 24 тамызында өтетіні белгілі болды.
Сенат депутаттарын сайлау Абай Жетісу, Ұлытау облыстарында өтеді.
Президент ел үкіметі мен аталған облыстардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдауды тапсырды.Айта кетейік, өткен айда Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болды, олардың әкімі болып Берік Әбдіғалиұлы (Ұлытау облысы), Нұрлан Ұранхаев (Абай облысы), Бейбіт Исабаев (Жетісу облысы) тағайындалды