Украина аумағындағы үш айдан астам уақыт созылған соғыс қимылдарынан әскерилер ғана емес, бейбіт тұрғындар арасында да құрбан болғандар бар.
«Қазіргі таңда соғыс басталғалы бері Украина аумағында қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны төрт мыңнан асты. Украина тарапының мәліметі бойынша, Ресей армиясының 30 000 мыңнан астам сарбазы қырылды. Ресей үкіметі ел президентінің империялық амбициясы үшін сарбаздардың өлімін құрбан етуге дайын екенін айта кеткен жөн. Украина Ресейге ешқандай қауіп төндірмеді. Ел аумағында Ресей үкіметі айтып отырған НАТО базасы да, биологиялық зертханалар да орналастырылмаған», — деп жазады украиналық БАҚ.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков РФ Украинадағы соғыс қимылдары Путиннің қойған барлық мақсаттары орындалған жағдайда тоқтайды деп мәлімдеді. Өз кезегінде Ресей президентінің «аумақты қайтаруға» міндетті екенін мәлімдеді. Мемлекеттің бетке ұстар азаматтарының ұрыс алаңындағы орасан зор шығындарына байланысты мұндай мәлімдемелері соғыстың аяқталмайтынын, ал Украинаға ресейлік сарбаздарды жіберу жалғасатынын білдіреді.
Украина барлау қызметі Ресей Федерациясының Воронеж облысы аумағында ресейліктер жұмылдыруды қамтамасыз ету орталықтарынан ескірген қару-жарақ пен техниканы шығарып жатыр деп мәлімдейді.
«Ресей армиясының жағдайы нашарлайтын болады, себебі Украина халықаралық қолдауға ие. Кем дегенде 20 ел Украинаға жаңа көмек пакетін, сонымен қатар қажетті артиллериялық жүйелер мен оқ-дәрілерді беретінін жариялады», — деп хабарлайды украиналық саясаттанушылар.
«Сондай-ақ Ресейде «резервтік батальондарды» даярлау басталғаны туралы ақпарат жетті. Полктерде даярлығы төмен үшінші батальон (онда негізінен мерзімді қызметтегі сарбаздар қызмет етеді) бар», — деп жазады украиналық БАҚ.
«Егер әскерге шақырылушыларды жаппай Украинаға жіберетін болса, онда олар . Украинаға барудан бас тартатын болса қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мерзімді қызметтегі сарбаз әскери борышын өтеуден бас тартып кете алмайды немесе өз басқа шешім қабылдай алмайды. Сондықтан соғыс уақытында әскерге бармаған абзал. Қазіргі таңда Ресейде ер адамдар Украинаға барып өлгісі келмесе немесе мүгедек болғысы келмесе, сотқа жүгініп, әскерге бармау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.