Бір жылдың ішінде қант бағасы 80%-ға қымбаттады

Қазақстанда бір жылдың ішінде қант бағасы 80%-ға өсті. Қырыққабат 72% -ға қымбаттады.

Елімізде инфляция жылдық есептеуде 14,5%, бір жылда 1,5%, бір айда 1,6% құрады. Деректі ҚР Ұлттық статистика бюросы жариялады.

2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 13,2%-ға, ақылы қызметтерге 9,2%-ға көтерілді.

Бір жыл ішіндегі азық-түлік бағасының өсуі:

78,7% құмшекер

22,8% қышқыл сүт өнімдері

72,4% қырыққабат

21,9% минералды және ас су

69,3% басты пияз

20,7% кондитерлік өнімдер

33,1% ұн

19,1% салқындатылған сусындар

30,1% макарон өнімдері

18,5% темекі өнімдері

29,7% құс еті

17,3% нан

28,5% жармалар

16,8% жылқы еті

26,0% қатты ірімшік

16,3% шұжық өнімдері

25,4% тоқаш және ұн өнімдері

15,9% сары май

25,3% жаңа піскен жемістер

14,9% қой еті

23,5% кептірілген жемістер мен жаңғақтар

14,7% күнбағыс майы

Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 23%, жуу және тазалау заттарына – 20,8%, тұрмыс құралдарына – 19,7%, құрылыс материалдарына – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 18,2%, автомобильдерге – 15,1%, ыдыс-аяққа – 13,9%, тоқыма бұйымдарына – 10,8%, фармацевтикалық өнімдерге 9% өсті.

Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 15,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,7%, санаторий қызметтеріне – 13,7%, кешенді демалу ұйымдарына – 13,2%, шаштараздар бен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12%, қонақ үй қызметтеріне 5,7% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 4% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына – 7,5%, қоқыс шығаруға – 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 1,4% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3% және ыстық суға 0,9% төмендеді.

Добавить комментарий