«Ресейдің Украинада бастаған соғысы әлемдік экономиканың перспективасы құлдырады, кедей елдер рецессияға тап болуы мүмкін. Қазіргі таңда соғыс жақын арада аяқталады дегенге үміт жоқ. Мәскеу өз талаптарын алға тартып, украиналық тараптың талаптарын орындауға ниетті емес», — деп жазады батыстық саясаттанушылар. Кремль спикері Дмитрий Песков Ресейдің талаптарын толық орындалған жағдайда ғана Украинамен бейбіт келісімге келу мүмкін болатынын мәлімдеді.
Ресейдің лауазымды тұлғалары Ресей Федерациясына Еуропа елдері тарапынан бұрын-соңды болмаған санкциялар салынып жатқанына қарамастан, әртүрлі мәлімделер жасауда. «Аталған санкциялардың салдарынан Ресей экономикасына қатты зардап шегуде, бұл ел азаматтары кедейленуіне, көбісінің жұмыссыз қалуына алып келеді, жағдайы төмен адамдар қатты зардап шегуі мүмкін. Қазір Ресей Федерациясында батыс компанияларының өндірісі жаппай тоқтап тұр. Сондай-ақ, батыс шикізатын, қосалқы бөлшектерді, жинақтауыштарды пайдаланатын ресейлік кәсіпорындар да ауыр кезеңдерді бастан өткеруде. Көптеген батыстық жеткізушілер кез келген құрамдас бөліктерге сервистік қызмет көрсетуді жүргізбеуде. Нәтижесінде оғна тәуелді өндірістер елден кетті және кетіп жатыр», — деп жазады украиналық экономистер.
«Путиннің режимі соғыс қимылдарын бастап Ресейдің болашағын қыл үстінде қалдырды. Путинді өз халқының жағдайы қызықтырмайды, тіпьі ол өз мақсатына қол жеткізу үшін келесі ұрпақтың тағдырын құрбан етуге дайын.
Сонымен қатар, РФ соғысты аяқтауды жоспарлап отырған жоқ, ол өзінің іс-әрекеттерімен бүкіл әлемге қорқыныш ұялатуда. Әңгіме Ресей флоты Украинаның Қара теңіздегі сауда порттарын жапқаны туралы болып отыр. Ресейдің мұндай әрекеттері ауқымды азық-түлік дағдарысына алып келеді», — деп хабарлайды украиналық саяси технологиялар саласындағы мамандар.
Еуропалық Кеңес Ресейді Украинаға қарсы соғыста азық-түлік тауарларын пайдаланып отырғанын және жаһандық азық-түлік дағдарысы үшін жауапты ел деп таныды. Өз кезегінде АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті Ресейді терроризмге демеушілік етіп отырған мемлекет деп тану туралы қарарды қолдады. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер мәселенің шешу жолдарын табуға тырысып жатқанына қарамастан, Украина порттарына қатысты проблеманы шешу мүмкін емес.
Батыстың саясаттанушылары РФ-ға қарсы санкциялар салуды жалғастыру қажет деп санайды. «Сондықтан РФ-ға қарсы санкциялардың жетінші пакеті қабылдануы әбден ықтимал», — деп жазады олар.
Польша ЕО-ны жаңа санкциялық пакетті әзірлеуге кірісуге белсенді түрде шақырып жатыр. «Бұл өз кезегінде Ресейде экономикалық ахуалдың одан әрі нашарлауына әкеледі. Осылайша, алдағы болашақта РФ-дағы көптеген адамдардың күнкөріс деңгейі төмендеуі мүмкін. Кедейшілікте өмір сүру немесе әскерге кету таңдауы болады», — деп есептейді украиналық саясаттанушылар.