Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк НАТО-ның Ресей шекарасына жақындағанын айтты. Ол альянстың Санкт-Петербург қаласының маңына кіретінін мәлімдеді.
Ол Түркияның Финляндия мен Швецияның Альянсқа кіруіне келісім беруінің нәтижесінде болғанын атап өтті. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«НАТО-ның шекарамызға жақындауына жол бермейміз», — деген болатын соғысты бастаған Мәскеу. Енді Альянс Петербург қаласының маңына — Путиннің туған қаласына жақындап қалды. Бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, солай емес пе?», — деп атап өтті Подоляк.
Бұған дейін Мадридте өтетін НАТО саммитінде Түркия Финляндия мен Швецияның Альянсқа қосылуына келісім бергені хабарланған болатын.