Қазақстан азаматы Қырғызстаннан қант кігізбек болған

Қырғызстандық шекарашылар елден қант шығармақ болған Қазақстан азаматын ұстады.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, «Чон-Капка-Автодорожный» БӨП шекарашылары жүкті заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық тізгіндеген «КамАЗ» жүк көлігі келді.

Ер адам тыңайтқыш тиелгенін айтып, құжаттарын көрсеткен. Алайда, автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар селитра салынған қаптардың арасында жасырған 30 тоннаға жуық қант тапты.

Қазақстан азаматы Қырғызстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда қант шығаруға тыйым салу 23 мамырдан бастап, көршілес Қырғызстанда — 2022 жылдың 1 маусымынан бастап алты ай мерзімге енгізілген болатын.

Добавить комментарий