Қазақстан қор биржасында доллар 454 теңгеден саудалануда

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 459 теңгеден, ал Алматыда 461 теңгеден саудалануда.

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа алынған бағамы 28 маусымда сағат 11: 01-дегі жағдай бойынша 453,99 теңгені құрады.

Ашық ақпарат көздерінің мәліметінше, елордадағы ақша айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы сағат 11:16-дағы жағдай бойынша 459 теңгені, Алматыда — 461 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 460,95 теңге. Теңгенің долларға қатысты ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша белгіленеді.

Добавить комментарий