Қызылорда облысында полицейлер құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісін анықтады.
Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты далалық жерде қалың сексеуілдер арасында қарасора өсімдігі (1665 түп) анықталды.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ірі көлемде қарасора өсімдіктерін өсірді деген күдікпен облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Сонымен қатар, жеке тінту жүргізу барысында ұсталған ер адамнан есірткі заты тәркіленді.
Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.