Қазақстан Иран азаматтары 14 күн визасыз жүріп-тұруын рұқсат берді

Қазақстан билігі Иран азаматтары үшін 14 күнге визасыз режим енгізетінін мәлімдеді.

Қазақстан мен Иран Президенттері шағын форматта келіссөздер жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ибрахим Раисиге Иранға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін алғыс айтты.

«Ең алдымен, бізді ыстық ықыласпен қарсы алғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздің шақыруыңызды зор ризашылықпен қабылдадым. Президент ретінде Иран еліне алғаш рет келіп отырмын. Мен үшін бұл сапардың маңызы ерекше», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгінгі сапар аясында маңызды шешім қабылданғанын айтты.

«Біз Иран азаматтарының Қазақстанда 14 күн визасыз жүріп-тұруына рұқсат береміз. Бұл түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, іскер топ өкілдерінің байланысын жандандырады. Барыс-келіске тың серпін беріп, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Иран кәсіпкерлері осы жеңілдікті кеңінен қолданатынына сенімдімін», — деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипат көрсетіп, шақыруын қабыл алғаны үшін алғыс айтты.

Добавить комментарий