НАТО Украинаның Донбастағы айырылған жерлерін қалай қайтаруға болатынын айтты.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг бұл туралы немістің Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында айтты.
Столтенберг «заманауи қару-жарақтың арқасында Ресей әскерлері Украинаның Донбасс аумағынан басып алған жерлерін «қайтару» ықтималдығы арта түседі» деді.
НАТО Украинаға өз-өзін қорғауы үшін қолдауды жалғастырады, бірақ [альянс] қақтығысқа араласпайды.
Бұл ретте НАТО бас хатшысы әскери-саяси блок Украинаға өз әскери қызметшілерін жібермейтінін атап өтті.
Столтенберг сондай-ақ Украинадағы қақтығыстың қанша уақытқа созылатынын «ешкім білмейтінін» —сондықтан елдерді «қақтығыстың бірнеше жылға созылуы» мүмкін екенін айтып, бұған дайын болуға шақырды.