Бейсенбі күні таңертең шикізат жеткізуге қатысты алаңдаушылыққа байланысты мұнай бағасы қымбаттады. Мұны сауда-саттық деректері көрсетті.
Нур-Сұлтан уақытымен сағат 11:06-дағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 0,3% -ға, 118,87 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің бағасы 0,45%-ға, 115,83 долларға дейін өсті.
Мұнай жеткізуге қатысты алаңдаушылық Ресей энергетикалық секторына қарсы санкциялар мен Қытай тарапынан сұраныстың жоғары болуы мүмкін деген оң болжамға байланысты туындап отыр. Қытай — мұнайды ең көп тұтынушылардың және импорттаушылардың бірі. Ол мұнай бағасының базалық қолдау болып қала береді.
Brent бағасы 25 сәуірден бастап барреліне 100 доллардан, WTI — 11 мамырдан бастап түскен жоқ.