Жексенбі күні таңертең Запорожье облысындағы Бердянск трансформаторлық қосалқы станциясында болған жарылыс теракт ретінде сараланды. Бұл туралы аймақтың әскери-азаматтық әкімшілігі бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов мәлімдеді.
«Бердянскідегі жарылыс теракт болды. Тергеу тобының жұмысы нәтижесінде трансформаторлық қосалқы станцияда болған өрт орнында жарылғыш заттар мен тұтандырғыш материалдардың қолданылғаны манықталды. Бұл жарылыстың террористік сипатында екенін көрсетеді», — деп жазды Рогов Telegram-арнасында.
Бердянск уақытша әкімшілігінің Telegram-арнасының хабарлауынша, қосалқы станциядағы өрттің салдарынан трансформаторлардың бірі істен шығып, қалада электр қуаты үзілген.
Еске сала кетейік! Қазіргі уақытта Ресей әскерилері Херсон облысын толығымен, ал Запорожскаяны жартылай бақылауында ұстап отыр.