Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трасс өзін-өзі жариялаған Донецк Халық Республикасының Жоғарғы сотының британиялықтарға қатысты шығарған өлім үкіміне түсініктеме берді.
Трасс бұрын Украина армиясында әскери қызметте болған британдық жалдамалы әскерлерге қатысты өлім жазасын заңсыз және жалған деп атады. Бұл туралы ол Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.
«Эйден Аслин мен Шон Пиннерге қатысты үкімді қатаң айыптаймын. Олар әскери тұтқындар. Бұл мүлдем ешқандай заңдылығы жоқ ойдан шығарылған шешім. Мен олардың отбасыларына көңіл айтамын. Біз оларды қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», — деп жазды министр.