Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сатылымға шығарылады. Бұған дейін екі мәрте сатылымда қойылған, алайда сатып алатын бірде-бір адам болмады.
Әуежайды кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі аукцион 24 маусымда өтеді. Бұл жолы тендер шарты біршама өзгерді. Сенімгерлік басқару мерзімі 3 жыл емес, 5 жыл болды, басқарушы компанияның салым сомасы 1,5 млрд теңгенің орнына 1,2 млрд теңге болады деп болжануда.
Жыл басынан бері Петропавл әуежайы аукционға екі мәрте қойылды. Екі рет те аукцион өткізілмеді, себебі оған қатысуға ниет білдірген ешкім болмады.
Әуежай жұмысын жалғастыруда. Ол тек екі субсидияланатын рейске шығады — Нұр-Сұлтан мен Алматыға. Әзірге Омбы, Түмен, Мәскеуге, сондай-ақ Египет пен БАӘ курорттарына жоспарланған рейстер жүзеге асырылмай отыр.