Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып күзет фирмасының директорынан миллион доллар бопсалаған алаяқтар тобы анықталды.
Өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деген алаяқтар күзет фирмасының басшылығынан 1 млн доллар талап етті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы операциясы кезінде бір топ алаяқтар ұсталды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі» — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Ведомство хабарлағандай, алаяқтар тобының құқыққа қарсы әрекеттері фирманың өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталды.
Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде», — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» деп түсіндірді.