Қазақстанда күнбағыс тұқымын елден шығаруға шектеу енгізді

Қазақстан билігі күнбағыс тұқымын елден шығаруға шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті құжаттың жобасын дайындады.

«Бекітілсін: Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қатысты сандық шектеулер (квоталар) енгізілетін тауарлардың тізбесі», — делінген бұйрықтың жобасында.

Қосымшаға сәйкес, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейін күнбағыс тұқымдарын, себуге арналған ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс тұқымдарын, сондай-ақ ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыстың өзге де тұқымдарын 15 мың тонна квотамен шектеуге ниетті.

Добавить комментарий