Латвия билігі ел аумағында ағымдағы жылдың 9 маусымынан бастап ресейлік телеарналардың хабар таратуы тоқтайтынын мәлімдеді.
Ресейлік телеарналарды бұғаттау туралы шешім 9 маусымда күшіне енеді.
Латвияда шектеуге ілінбеген 80 ресейлік телеарнаны таратуға тыйым салынды. Бұл туралы Delfi басылымы хабарлады.
«Электрондық БАҚ жөніндегі ұлттық кеңес (NEPLP) латвиялық көрермендер үшін қолжетімді болған 80 ресейлік телеарнаны таратуға тыйым салды», — делінген хабарламада.
Негізінен ойын-сауық сипатындағы арналарға тыйым салынды. E TV, Иллюзион +, «Кино24», «Мир ТВ», «Охота и рыбалка», «Перец», «Руский Иллюзион» секілді телеарналар.
Ресейлік телеарналарға тыйым салу мамыр айының соңында қабылданған жаңа заңға сәйкес қолданылды — ол басқа елдердің егемендігіне қауіп төндіретін мемлекеттерде тіркелген шетелдік бағдарламаларды шектеуге мүмкіндік береді.
«Аталған шешім Ресей соғысты тоқтатып, Қырымды қайтарғанға дейін күшінде қалады», — деп мәлімдеді NEPLP төрағасы Ивар Аболиньс.
Бұған дейін БАҚ-та хабарлағандай, Одесса облысында ресейлік TV-арналармен күрес аясында үйден спутниктік тәрелкелер алынып жатқаны хабарланған болатын.