Өскеменде мұнаралы кран құлады

Өскемен қаласының Спорт шағын ауданындағы құрылыс алаңында мұнаралы кран құлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оған қатты соққан жел себеп болды.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлағандай: «Мұнара кранының өздігінен қозғалуынан, қатты желдің салдарынан кран қисайып, тұрақтылығын жоғалтқан (кран рельстерінің сынуы және тоқтап қалудың болмауы)».

Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы мен бүлінуі болған жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Құлау кезінде кран қолданылмаған.

Оқиғаның мән-жайлын арнайы құрылған комиссия шешеді.

Добавить комментарий