Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырған 9 қазақстандық анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша ауырғандар мен жазылып шыққандар туралы статистиканы жариялады.
Нұр-Сұлтанда — 3,
Алматыда — 5,
СҚО-да — 1.
Елімізде барлығы 1 305 732 жағдай расталды.
Жазылып шыққандар туралы дерек
Коронавирустық инфекциядан жеті адам жазылып шықты, олардың ішінде:
Алматыда — 5,
Қостанай облысында — 1,
Павлодар облысында — 1.
Елімізде COVID-19-дан барлығы 1 291 975 адам жазылып шықты.