АҚШ пен Украина арасында жабық келіссөздер өтті

Жабық форматта өткен АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздерде Ресей аумағына соққы берілген жағдайдағы қауіп-қатер мәселесі көтерілді.

Бұл туралы Reuters АҚШ-тың ресми өкілдері мен дипломаттарына сілтеме жасап хабарлады.

Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, жақында Украина мен АҚШ өкілдері арасында жабық келіссөздер өтті, онда талқылаулардың мақсаты эскалация қаупін жалпы ортақ түсінікке қол жеткізу болды. АҚШ украиналық әскерилердің өз қаруларын пайдалануына географиялық шектеу қойғысы келмейтінін мәлімдеді.

Басылым АҚШ-тың алыс қашықтыққа ұшатын қаруды беру туралы шешім қабылдағанын айтады, себебі Украина ресейлік әскерилермен АҚШ барлау өкілдерінің болжағанына әлдеқайда сәтті шайқасып жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Байден әкімшілігі Киевке жүз шақырымға ұшатын артиллериялық HIMARS жүйесін жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, бұл Киевтің мүмкіндігін кеңейтеді.

Ұлттық барлау қызметінің директоры Аврил Хейнс алдағы айларда қақтығыс «болжамсыз және ықтимал эскалациялық траектория» бойынша болуы мүмкін деген болжам жасады. Бұған дейін Ресей Федерациясы Украинаға Ресей аумағына шабуыл жасау үшін қару-жарақ жеткізу «шиеленісті жағдайды күшеюіне алып келеді» деп Батысты ескерткен болатын.

 

Добавить комментарий