Чехия Президенті Украинаның жеңісіне сенім білдірді

Чехия басшысы Милош Земан Украина Ресей Федерациясымен қақтығыста жеңетініе үміт білдірді.

Бұл туралы ол Прагада Швейцария Конфедерациясының президентімен өткен кездесуден кейін мәлімдеді.

Ол Чехия мен Швейцарияның «Украинаға қарсы ресейлік агрессияға қатысты ұстанымы бірдей» екенін және екі тараптың да бұл қақтығысты «ымыраға келу арқылы емес, Украинаның жеңісімен» аяқталатынына үміт білдіретінін атап өтті.

Земан Швейцарияның бейтараптықты ұстанатынына қарамастан, Украинадағы агрессияға байланысты Ресейге қарсы санкцияларға қосылғанын «бағалайтынын» мәлімдеді.

 

Добавить комментарий