Ресей армиясы Северодонецк қаласының шекарасына жетті: қала басшысы үндеу жасады

Украинаның Луганск облысы басшысы Сергей Гайдай Ресей әскері қала шекарасына жеткенін айтты.

Қала маңында ұрыс қимылдары жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

«Ресейліктер Северодонецк қаласына жақындап қалды, қазірдің өзінде минометтен оқ жаудыруы мүмкін», — деді ОВА басшысы.

Гайдайдың айтуынша, «Азот» химзауытына толассыз оқ жаудырып жатыр.

Оның айтуынша, қала маңында ұрыс қимылдары жүріп жатыр, Ресей әскері қалаға кірмеді. Ресейліктер Луганщинаны басып алу үшін барлық әскерилерін тартты, аймақтың алдағы тағдырын осы аптаның ішінде белгілі болады, деп мәлімдеді Гайдай.

Добавить комментарий