Қазақстанда күріш алқабы қысқарады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан күріш алқабы қысқартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол үкімет отырысында айтты. Оған себеп ретінде су ресурстарын тиімді пайдалану қажеттілігі аталды.

Алматы облысы бойынша суармалы жер көлемі 478,9 мың гектарды құрайды. Су ресурстарының тапшылығын азайту мақсатында облыс әкімдігі Балқаш ауданында ылғалды көп қажет ететін дақылдардың, оның ішінде күріш алқабын 1 мың гектарға қысқартты.

Суармалы жер көлемі 420,2 мың гектарды құрайтын Түркістан облысында биыл күріш алқабы 600 гектарға дейін қысқартылды. Суармалы жер көлемі 199,9 мың гектарды құрайтын Қызылорда облысында күріш алқабы 78,3 мың гектарға дейін қысқарды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мың гектарға аз, дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Добавить комментарий