ҚР-да биоқатерді болжау жүйесі пайда болады

Қазақстанда биологиялық қатерді болжау жүйесін енгізу жоспарлануда. Сонымен қатар, қауіпті патогендерді заңсыз қолдану, сату және ұрлау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Жаңа заң биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Президент биологиялық қауіпсіздік туралы заңға қол қойды.

Анықтама! Биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи орта компоненттерінің (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) қауіпті биологиялық факторлардан, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін қорғалуының жай-күйі.

Добавить комментарий