Алматыда тәртіп сақшылары кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған ер адамды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.
Алматыда алаяқты ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді: ол кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалаған. 1981 жылы туған күдікті кінәсін мойындады.
Полицияға жүгінген кәсіпкердің айтуынша, бейтаныс ер адам жалған қарыздар есебінен одан 260 мың доллар бопсалап, физикалық күш көрсетумен қорқытқан.
Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі аталған фактінің жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталғанын нақтылады.
Полицияның арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген арнайы іс-шара нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 194 бабы 4 бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды, — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.
Арнайы операция Әл-Фараби даңғылында орналасқан дәмханалардың бірінде жүргізілді.
Күдіктінің осы маңда тұратыны анықталды, сондықтан ол “кездесуді” өзіне ыңғайлы жерге тағайындаған. Күдікті өз әрекетін мойындады.