Германия СІМ басшысы Ресей ашаршылықты қару ретінде пайдаланы деп санайтынын мәлімдеді. Ол Украинадан жүгері мен күнбағысты шығару мүмкін еместігіне байланысты осылай деп мәлімдеді.
Министр РФ-ның «астық соғысы» жаһандық азық-түлік дағдарысына алып келетінін атап өтті.
Германия СІМ басшысы Анналена Бербок РФ билігі Украинаға қарсы тек танк, бомба және зымырандармен шабуыл жасап қана қоймай, аштық қаупін төндіріп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол G7 елдері сыртқы істер министрлерінің Нью-Йорктегі кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ZDF.
«Ресей соғыста жойқын қару — аштық пен жоқшылықты қолдануда», — деп атап өтті Бербок.
Министр Ресей украиналық порттарды жауып тастап, элеваторларды, жолдар мен темір жолдарды — «әсіресе егістік алқаптарын» бұзғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей билігі жаһандық азық-түлік дағдарысына алып келетін «астық соғысын» бастады.
«Бербок әлемдегі ең кедей адамдар Ресей бастаған қанды соғыстан зардап шегетінін айтты», — делінген жарияланымда.