Еуропалық комиссия Украинаны қалпына келтіру бойынша стратегиялық жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады. Аталған жоспар «Украинаны қайта құру» деп аталады және оған жүздеген миллиард еуро жұмсалады деп болжанып отыр. Жоспар бойынша Киевтен сыбайлас жемқорлықпен күресуді және Еуропалық Одаққа жақындай түсу үшін реформалар жүргізуді және елдің болашақта ЕО-ға қосылуын талап етіледі.
Бұл туралы немістің Süddeutsche Zeitung басылымы комиссия бүгін, 18 мамырда бекітуді жоспарлап отырған сегіз беттік шешім жобасына сілтеме жасап хабарлайды.
Құжаттың жобасына сәйкес, соғыстан кейін Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіру 10 жылдан астам уақытты алады, ал қалпына келтіруге бөлінген қаражат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Украина үкіметінің реформалар жүргізуге күш салу сияқты қатаң шарттар қойылады. Бұл жоспарға сәйкес, реформалар Украинаны ЕО-ға жақындатуы керек.
Бұдан басқа, қалпына келтіру барысында «бұрынғыдан жақсы қылып жасау» қағидаты қолданылуы керек. Бұл жаңа инфрақұрылым мен үйлер климаттық талаптарға сай келетіндей етіп жобалануы тиіс дегенді білдіреді.
Елді қалпына келтіру үшін қанша ақша қажет екені әзірге белгісіз. Ресей-Украина соғысының шығыны жүздеген миллиард еуроға бағаланып отыр.
Еуропалық Одақтың қаржылық салымы ЕО бюджетінің жаңа бағдарламасынан жіберілуі тиіс. Ол коронавирус пандемиясынан кейін ЕО-ға мүше мемлекеттерге көмектің қалай жұмыс істейтініне негізделуі тиіс. Осы бағдарлама бойынша ұйымға мүше елдер Еурокомиссияға реформалар мен инвестициялар жоспарларын ұсынуы тиіс. Еурокомиссия оларды тексереді, содан кейін төмен пайызбен гранттар мен несиелерді бекітеді, бұл ретте жекелеген транштар белгілі бір аралық мақсаттарға байланыстырылады.