Молдавия Премьер-Министрі Украина аумағында орын алған қарулы қақтығыс мәселесінде бейтарап мәртебені сақтап қалуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Наталья Гаврилицаның айтуынша, Ресей-Украина қақтығысының өршу қаупі Молдавия аумағына да төніп тұр, бірақ «әзірше онша қауіпті емес»
Молдавия бейтарап мәртебесін сақтап қалуға ниетті және Украинадағы қақтығыстың ел аумағына қаупі онша қатты емес, деп мәлімдеді республиканың премьер-министрі Наталья Гаврилица сәрсенбі күні Corriere della Sera газетіне берген сұхбатында.
«Біз осы мәртебені сақтап қалғымыз келеді. Молдованың бейтараптығы конституцияда бекітілген және халықтың қолдауына ие, — деді ол. — Біз дипломатиялық диалогқа сенетін бейбіт және бейтарап елміз». Гаврилицаның пікірінше, Ресей-Украина қақтығысының өршу қаупі Молдавияға төніп тұр, бірақ «қауіп онша қатты емес».
Украина дағдарысының экономикалық салдары жайлы айта келе, премьер республикада «бағаның айтарлықтай өсуі мен электр энергиясының құнының көтерілгені байқалатынын» айтты. Біз Ресей, Белоруссия, Украинаның негізгі нарықтарына қол жеткізуден айырылдық», — деп нақтылады ол. «Біздің энергетикалық ресурстарымызға қатысты алаңдаушылық бар», — деп толықтырды Гаврилица.
Молдавия наурыз айында Грузия және Украинамен бірге ЕО-ға мүшелікке өтініш берді. Премьер-Министр бұл қадам «символикалық, дегенмен өте маңызды» екенін атап өтті. «Біз бұл оңай шаруа емес екенін түсінеміз, бірақ біз әділ сот жүйесін реформалау бойынша табанды жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол.