Қазақстан Ұлттық музейінің директоры тірі және жалпы палатада емделіп жатыр.
Экс-министр жарты күн жансақтау бөлімінде жатты, деп хабарлады мұражайдың баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының қайтыс болғаны туралы ақпаратты мұражайдың баспасөз қызметі жоққа шығарды.
«Ол жансақтау бөлімінде жарты күн жатты. Бүгін шамамен 15 минут бұрын палатаға ауыстырылды. Денсаулығы жақсы, тірі, қайтыс болған жоқ. ББұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлай отырып, жеке тұлғаның өмірі жайлы жалған мәлімет тарату, бұқара халыққа теріс ой салуға әрекет ету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз», — деп хабарлады мұражайдың баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды. Халықаралық көрме өткізу кезінде мемлекет қаражатты жымқыру ісі тергелуде.
Арыстанбек Мұхамедиұлы музейлі тексеруді негізсіз деп атады.