Кулеба НАТО Украинаға көмек көрсетпей отыр деп санайды

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба НАТО ұйым ретінде Украинаға ешқандай көмек көрсетпеді деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ бұл мәселеде Еуроодақтың маңызды рөлін атап өтті.

НАТО ұйым ретінде орын алған жағдайға байланысты Украинаға ешқандай көмек көрсеткен жоқ, деп мәлімдеді дүйсенбі күні Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Bloomberg телеарнасына берген сұхбатында.

«Біз одақтастарымызға алғысы білдіреміз, олардың бізге көрсеткен көмектерін ешқашан ұмытпаймыз. Бірақ НАТО альянс ретінде ештеңе жасаған жоқ», — деді ол.

Кулеба Украинаға көмек көрсетуде Еуроодақ маңызды рөл атқарғанын атап өтті. «Еуроодақ қуатты экономикалық санкциялар салды, экономикалық және әскери қолдау көрсетті, Украинаға әскери көмек көрсету үшін қаржы бөлді», — деп атап өтті ол. «Ал НАТО тек алаңдаушылық танытып қана қойды», — деп толықтырды Украина СІМ басшысы.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасс республикасы басшыларының өтінішіне жауап ретінде Украинада арнайы операция жүргізілетінін жариялады. Содан кейін Батыс Ресейге қарсы ауқымды санкциялар салды. Сонымен қатар, батыс елдері Киевке қару-жарақ пен әскери техника жеткізе бастады.

Добавить комментарий