БҰҰ «Азовсталь» зауытында бейбіт тұрғындар болса, эвакуациялау процесін ұйымдастыруға дайын екендерін айтты.
Әзірге нақты жоспарлар туралы ақпарат жоқ.
БҰҰ Мариупольдегі «Азовсталь» зауытында бейбіт тұрғындардың бары расталса, онда оларды эвакуацияауды ұйымдастыруға дайын, бірақ әзірге нақты жоспарлар туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифингте БҰҰ бас хатшысының орынбасары Фархан Хак мәлімдеді.
«Украинадағы БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіруші Оснат Лубрани кеше [дүйсенбі күні] зауытта әлі де бейбіт тұрғындар болуы мүмкін деп мәлімдеді, — деді ол. — Біз «Азовсталь» зауытының аумағынан адамдарды эвакуациялау үшін бар күш-жігерімізді жұмсадық. Соңғы күндері 600-ге жуық адам эвакуацияланды. Егер зауытта тағы да адамдар қалғанын еститін болсақ, оларды эвакуациялау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз».
Бұл ретте Хак қазіргі уақытта осы мәселе жөнінде қандай да бір нақты ақпарат жоқ екенін айтты.