«Қазгидромет» биыл мамыр айында Қазақстанның екі ауданында қатты құрғақшылық болатынын хабарлады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде, мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде, дейді синоптиктер.
Келесі жерлерде орташа құрғақшылық күтілуде:
Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында;
Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда;
Қызылорда облысы, Арал ауданында;
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында.
Ал қатты құрғақшылық келесі аудандарда болжануда:
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында;
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында.
Қалған жерлерде, атап өтсек:
негізінен Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында.
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында;
Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында;
Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында.