Қазгидромет алдағы үш күнге, 10-12 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады деп күтілуде.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша республиканың батысы мен оңтүстігінде тіптен кей кезде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, екпіні 25 м/с дейін жететін болады.
«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.