Канада РФ-лық 40 жеке тұлғаға қарсы санкция салды

Канада ресейлік 40 жеке тұлғаға, оның ішінде әскерилер мен бизнесмендерге қарсы санкция салатынын жариялады. Сондай-ақ, Украинаға әскери көмек ретінде $38,8 млн жіберіледі.

Канада өз санкциялық тізіміне ресейлік 40 жеке тұлғаны, оның ішінде бизнесмендер мен әскерилерді қосты. Бұл туралы жексенбі күні Канада Премьер-министрі Джастин Трюдоның баспасөз қызметі Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездесуінің қорытындысы бойынша хабарлады.

Канада үкіметінің сайтында Украинадағы жағдайға байланысты жарияланған канадалық санкцияларға тізіміне «Лукойлдың» экс-президенті Вагит Алекперов, Сбербанк басқарма төрағасының орынбасары Ольга Голодец, РФ қорғаныс министрінің орынбасары генерал-полковник Юнус-Бек Евкуров, генерал Шарип Делимханов, Мемлекеттік Дума депутаты Адам Делимханов.

Трюдо мен Зеленский Ресейдің Украинадағы арнайы операциясына қарымта жауап ретінде РФ-ға қатысты «қатал және ұзақ мерзімді санкциялар» енгізу жөніндегі әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін талқылады.

Сондай-ақ, Канада Украинаға 50 млн канада доллары ($38,8 млн) көлемінде қосымша әскери көмек көрсетеді. «Бүгін Премьер-Министр Украинаны қолдау үшін қосымша шаралар мен инвестициялар, оның ішінде әскери көмек түрінде қосымша $50 млн ұсынатынын жариялады», — делінген құжатта.

Аталған жеткізілімдерге М777 гаубицаларына және атыс қаруына арналған оқ-дәрілерді, сондай-ақ жоғары сападағы спутниктік суреттерді беруді қамтиды.

Добавить комментарий