Қазақстандық қор биржасы (KASE) АҚШ доллары бағамы көтерілгенін хабарлады. Доллар 6,65 теңгеге өсіп, сағат 15:30-ға қарай 434,47 теңге болды.
Ресей рублінің орташа алынған бағамы өсіп, бір тәулікте 0,14 теңгеге көтеріліп, 6,62 теңгеге жетті.
Қытай юанының орташа алынған бағамы тағы 1,21 теңгеге төмендеп, 64,1 теңге болды. Сауда көлемі — 2,4 млн юань.
Кеше кешкі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша еуроның орташа алынған бағамы 454,73 теңгеге дейін төмендеді.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды 437-443 теңгеден, еуроны 455-463 теңгеден, ресей рублін 5,8-6,05 теңгеден сатып алады/сатады.