4 мамырда Мариупольден 300 бейбіт тұрғын шығарылды

БҰҰ 4 мамыр күні Мариуполь мен басқа да аудандардан 300-ден астам бейбіт тұрғын шығарылғаны туралы ақпаратты растады.

Оларға Запорожьеде гуманитарлық көмек көрсетіледі.

БҰҰ-ның Украина бойынша гуманитарлық үйлестірушісі Оснат Лубрани 4 мамырда Мариуполь мен басқа да аудандардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша жаңа операция жүргізілгенін растады.

«Мариуполь мен басқа да аудандардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша жаңа операция бүгін аяқталды, — делінген Лубранидің сәрсенбі күні жарияланған мәлімдемесінде. — Біздің БҰҰ командасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетіндегі әріптестеріміз қос тараптың келісіміне сәйкес ұрыс аймағынан кеткісі келетін адамдарды эвакуациялау үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр».

«Қос тараптпен бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жөніндегі жұмысымыз жалғасатын болады», — деп мәлімдеді БҰҰ үйлестірушісі.

Бұған дейін Украинаның уақытша басып алынған аумақтарын реинтеграциялау жөніндегі вице-премьері Ирина Верещук Украина билігі сәрсенбі күні Мариупольден және басқа да бірнеше қалалардан 344 адамды Запорожьеге эвакуациялағанын мәлімдеген болатын.

 

Добавить комментарий