Бозымбаев Қапшағайдың атауы өзгертуіне қатысты пікір білдірді

Алматы облысының әкімі Қапшағай қаласын Қонаев деп атауды тарихи әділдік деп санайтынын және бұл шешімді толық қолдайтынын хабарлады.

Бүгін Талдықорған жұртшылығы мемлекет және қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Қапшағай қаласының атауы Қонаев болып өзгеруі Дінмұхамед Ахметұлының елге сіңірген қызметіне, қаланың негізін салушы ретіндегі ерен еңбегіне берілген лайықты баға деп білеміз. Бұл – тарихи әділдік. Есімі аңызға айналған ардақты тұлғаны халқы ешқашан ұмытпайды», — деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі 8 мамырда Қонаев аталуына байланысты cол қалада зиялы қауымның қатысуымен мерекелік шара ұйымдастырылатынын атап өтті.

Добавить комментарий