Сотталған азамат колониядан науқас анасына қашып кеткен

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Ақтөбе қаласының тұрғыны науқас анасын көру үшін колониядан қашып кетті.

Хабарланғандай, 36 жастағы ақтөбелік ауыр қылмысы үшін сегіз жылға темір торға тоғытылған, ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатқан. Онда сотталған азамат қарауылсыз жүріп, жұмысқа барып, кешке қайтып келетін.

Бір күні ол колониядан қашып кеткен. Ол әпкесінің ауылында ұсталды. Түрмеден қашқаны үшін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Сотта ер адам анасының ауыр халде жатқанын білгенін айтты. Анасы Шұбарқұдық ауылында тұрады, ол колония басшылығынан оған барып-қайтуға мүмкіндік беруін сұраған, бірақ өтінішін қабылдамады. Ақыр соңында ол қашуға бел буған. Ақтөбеде бір тәулікке пәтер жалдап, кейін ауылға анасының үйіне барып, артынша әпкесінің үйінде ұсталды.

Ол бұрынғы қылмысы үшін ол бар болғаны 4 ай қалған, бірақ қашқаны үшін сот оны бір жылға бас бостандығынан айырады. Қоныс-колониясынан ол қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстырылады.

Добавить комментарий