Ұлыбритания үкіметі украиналық босқындарға виза беруде проблема барын мәлімдеді.
Оның ішінде өтініштерді қарауға ұзақ уақыт кетуде. Алайда билік қолданыстағы процедуралар қауіпсіздік талаптарына байланысты деп отыр.
Дүйсенбі күні БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы РФ-ның арнайы әскери операциясы басталғалы бері Украинадан 5,5 млн-нан астам босқын көршілес елдерге бас сауғалап қашқанын хабарлады.