Фирманың атқарушы директорын балта мен бұрағышпен аяусыз өлтірді
Ақтөбе облысында фирманың атқарушы директорын аяусыз өлтіріп кеткен, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қатыгездікпен жасалған қылмыс 24 сәуірде Жарқайың ауданында орын алды. Сағат 20.10 шамасында аудандық полиция бөліміне Бірсуат ауылының маңында орналасқан жергілікті ЖШС-нің аумағында зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат келіп түсті», — делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.
Жәбірленуші аталған ЖШС-нің 1969 жылы туылған атқарушы директоры болып шықты.
«Оқиға орнына осы әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы, жедел – тергеу тобы және полиция бөлімінің басшылығы дереу келді. Оқиға болған жерді тексеру кезінде қылмыс өлшеу бөлмесінде жасалғаны, ал балта кісі өлтіру қаруы болғаны анықталды. ЖШС аумағында полиция қызметкерлері өз бастығын өлтірді деген күдікпен қызметкерлердің бірін ұстады», — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«33 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алғашқы тергеу іс-шаралары мен ЖШС қызметкерлерімен сауалнама жүргізгеннен кейін осыдан бірнеше күн бұрын 21 сәуірде атқарушы директор Қостанай қаласының тұрғынын дәнекерлеуші ретінде жұмысқа алғаны анықталды. Алайда, екі күннен кейін жаңа қызметкер денсаулығының нашарлауына шағымданған соң жұмыс беруші оны Арқалық қаласындағы емдеу мекемесіне апарған. Кісі өлтіру күні ер адам далалық лагерьге оралып, жәбірленушіге еңбек және өмір сүру жағдайлары туралы наразылық білдіре бастаған. Осы негізде ер адамдар арасында жанжал туып, нәтижесінде ұсталған адам қарсыласына балта мен бұрағышпен өлім соққыларын тигізген», — деп хабарлады полицейлер.