Аустралия билігі украиналық босқындарға биылғы жылдың 7 ақпанынан бастап 23 мың виза бергенін хабарлады.
Аталған виза елде жұмыс істеу және мемлекеттік медициналық сақтандыру құқығымен үш жылға дейін елге кіруге және тұруға мүмкіндік береді
Аустралия билігі арнайы операция кезінде елінен кеткісі келетін Украина азаматтарына 7 мыңнан астам виза берді. Бұл туралы бейсенбі күні SBS телеарнасы елдің ІІМ-не сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап Украина азаматтарына Аустралия аумағына келіп, жұмыс істеу және мемлекеттік медициналық сақтандыру құқығымен үш жылға дейін елде тұруға мүмкіндік беретін 7 мыңға жуық уақытша виза берілді. «Биылғы жылдың ақпан айынан бері [сәуірдің 28 дейін] Аустралияға 3 мыңнан астам украиналық босқындар келді, олардың бір бөлігі Украинадан тыс жерлерден виза алып келді», — деп атап, ІІМ «Аустралияда туыстары бар адамдарға ерекше назар аудара отырып», украиндық визаға үміткерлердің өтініштерін бірінші кезекте қарайтынын атап өтті.
Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон өзі басқарып отырған үкімет Украина билігі мен халқына «қажетті әскери және гуманитарлық көмек» көрсете отырып, қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.