Жамбыл облысының әкімі өзіне сеніп тапсырылған өңірдің коронавирустық инфекцияның екінші толқынымен кездесуге дайындығын тексерді.
Бердібек Сапарбаев ауруханалар, дәріханалар, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерінің жағдайымен танысты.
Өңір әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапардың бірінші нысаны «СК-Фармация» ЖШС дәріхана қоймасы болды. Қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютер коронавирустық инфекцияны емдеуге қажетті дәрілердің айлық қорын қалыптастырды. 15 қыркүйектен бастап дәрі-дәрмектерді екі айлық қорды қалыптастыру үшін медициналық ұйымдарға жөнелту басталды. Жеделдетілген режимде 245 миллион теңгеге қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынады. Айта кетейік, қыркүйек айында 285 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жөнелтілді.
Облыс әкімі маусым айының соңы мен шілденің басында жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты ауруханалар мен провизорлық орталықтарда дәрі-дәрмек тапшылығы пайда болғанын еске салды. Мұндай жағдайға енді жол беруге болмайды.
Коронавирустың ықтимал екінші толқыны кезінде бұрынғы қателіктерге бой алдыруға болмайды. Дәрі-дәрмек тапшылығы болмауы керек! Тұрақты негізде дәрілік препараттардың қалдықтарын салыстырып тексеру, «қызыл аймақтарды» жіті қажет ететін препараттар бойынша, сондай-ақ жергілікті жерлердегі дәрі-дәрмектерге болжамды қажеттілік бойынша талдау жүргізу қажет, — деп тапсырды өңір басшысы.
«СК-Фармация» ЖШС облыстың 78 медициналық ұйымымен 6,7 миллиард теңге сомасына 673 келісімшарт жасасты.
Бүгінгі таңда бірыңғай дистрибьютормен стационар аясында облыстың медициналық ұйымдарына 5,5 миллиард теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жөнелтілді. Облыстың инфекциялық және провизорлық орталықтарына коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрілік заттардың 81 атауы бойынша 709,6 миллион теңге сомасына препараттар жөнелтілді.
Облыс әкімінің сұрақтарына жауап бере отырып, «СК-Фармация» ЖШС-нің Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің басшысы Айжан Тортаева серіктестік бактерияға қарсы дәрі-дәрмектің 12 түрін (жоспардың 96,5 пайызы), антикоагулянттарды (113,5 пайыз), кортикостероидтарды (104, 6 пайыз), седативтер, анальгетиктер, бұлшық ет босаңсытқыштар, иммуносупрессанттар және дәрумендер (91,5 пайыз).
Амбулаториялық деңгейде КТМК және МӘМС аясында 25 медициналық ұйым 7,1 миллиард теңге сомасына тегін дәрілік заттарды жеткізуге алдын ала өтінім берді. Қазіргі таңда қажетті
көлемнің 98 пайызы жөнелтілді.
Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың дәріханаларында 1,3 миллиард теңге көлемінде тегін берілетін дәрі-дәрмектер бар.
Одан кейін облыс әкімі № 5 қалалық емхананың Covid-19 екінші толқынына дайындығын тексерді. Аталған медициналық мекеменің медициналық персоналы 130 адамнан тұрады. Емханада пульсоксиметрлердің, концентраторлардың қажетті саны, дәрілердің екі айлық қоры қалыптастырылды. Мұнда төрт мобильді бригада құрылды. Қажет болған жағдайда олар сегізге дейін ұлғайтылады.
Емхананың бас дәрігерінің орынбасары Рахат Аймырзаевтың айтуынша, штаттық режимде тұмау мен ЖРВИ-геқарсы екпе науқаны жүргізілуде. Қауіп-қатер тобындағы азаматтар вакциналаудан бас тартпайды, себебі олармен түсіндіру сұхбаты жүргізіледі.
Айтпақшы, облыс әкімі бұл емханадан тұмауға қарсы екпе алды. Ол күзгі кезең әрдайым ЖРВИ мен тұмау ауруларымен қауіпті екенін айтты.
Вакцинация — инфекциямен күресудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Биылғы маусымда бұл әсіресе пандемияға байланысты өзекті болып отыр. Өкінішке қарай, тұмауға қарсы егуді әзірге жамбылдықтардың жеті пайызы ғана жасады. Бұл көрсеткішті қарашаның ортасына дейін — вакциналау аяқталғанға дейін 40 пайызға жеткізу қажет, — деді Б. Сапарбаев.
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында облыс әкіміне аурухананың теңгерімінде бар медициналық жабдықтар көрсетілді. Облыс әкімі дәрі-дәрмектер мен жеке қорғану құралдары сақталатын аурухана қоймасында болып, науқастарды қабылдауға арналған фильтр бекеттерін аралап көрді.
Медициналық мекеменің бас дәрігері Азат Сәтжанов бүгінгі таңда медициналық мекемеде коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуге арналған дәрілік препараттардың екі айлық қоры бар екенін хабарлады. «СК-Фармация» ЖШС-мен 266 миллион теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің 31 келісімшарты жасалды.
Аймақ басшысы сондай-ақ «Неке және отбасы» медициналық орталығында болып, бедеулікті емдеуде медициналық көмек көрсету туралы айтып берді. Мәселе ЭКО-ға квоталар туралы, халық үшін жоғары технологиялардың қолжетімділігінің аздығы туралы болды. Медициналық орталық басшылығы әкімнен рәсімді қолжетімді ету үшін ЭКО квоталық бағдарламаларын ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Кездесу барысында облыс әкімі ЭКО-зертхананың жұмысымен танысты. Медицина орталығының меңгерушісі Наталья Тарараканың айтуынша, өткен жылы жергілікті бюджет есебінен 100 жамбылдық әйел тиісті медициналық көмек алған. Биыл ЭКО рәсімін 31 әйел өткізді, тағы 11-і кезекте тұр. ЭКО рәсімін ақылы негізде де жүргізеді. Жалпы алғанда, жылына медициналық орталықта шамамен 400 ЭКО қызмет көрсетеді.