Жалған нөмір пайдаланған жүргізушілерге 12 млн теңге айыппұл салды

Өткен тәулікте «Қорғау Сергек» қалада жалған нөмірді пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады.

Оларға жалпы сомасы 12 млн теңге айыппұл салынды.

«Сергек» жүйесінде жаңа функционал — «Қорғау Сергек» іске қосылды, оның көмегімен жалған нөмірлі көліктер анықталып жатыр.

«Жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлік құралдарын мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда», — деді Алматы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Өткен тәулікте ғана қала жолдарындағы «Қорғау Сергек» кешені жалған нөмір пайдаланған 11 жүргізушіні анықтады. Өткен тәулікте олар жалпы сомасы 12 миллион 680 теңгені құрайтын 790 құқық бұзушылық жасаған.

Манап Саттаров аталған автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылғанын атап өтті. Айыппұл салынғандар арасында – 1992 жылы туған А.есімді азамат бар. Жақында ол 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұл сомасы 1 миллион 541 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, өткен тәулікте арнайы жарық-дыбыс және дауысты сигналдарды заңсыз пайдаланған екі көлік жүргізушілері ұсталды. Сондай-ақ, 7 мас жүргізуші көлікті басқарудан шеттетілд.

«Қорғау Сергек» жүйесі 2021 жылдың қараша айынан бастап пилоттық режимде қолданылып келеді. Жалпы, жыл басынан бері жалған мемлекеттік нөмір пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚбК-нің 590-бабы 3,4 бөлігі) 171 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер айыппұл тұрағына орнатылды» , — деп түйіндеді Саттаров.

Добавить комментарий