Жоғалған Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Көшман ауылының жеті жасар баласын іздеуге ТЖМ авиациясы қосылды.
Өңірдің ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 15:00-де бала үйден атқа мініп шығып кетті, қазіргі уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.
Баланы іздеуге 250-ден астам адам, соның ішінде полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Қосымша 150 адамнан тұратын Ұлттық ұланның күштері және Меркі ҰКП-ның 30 қызметкері жұмылдырылды.
Жергілікті тұрғындар оны туған ауылынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан Жасұлан ауылының маңында сағат 18:00-де көргендері анықталды. Іздестіру жұмыстарына сонымен қатар жедел әрекет ету тікұшағы және жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің АН-2 ұшағы жұмылдырылды, деп хабарлады полиция.
Жамбыл облысының полиция департаменті жоғалған бала туралы қандай да бір ақпараты бар адамдарға 8 (7262) 2-49-02, 99-73-39, 8-775-376-66-93 телефондары және «102» пультіне хабарлауды сұрайды.
Баланың белгілері: дене бітімі арық, бойы 120 см, қара шашты. Үстіне сұр футболка, қызыл кепка, шолақ шалбар және қара түсті спорттық аяқкиім киген.