София қалалық муниципалитетінің депутаттары Болгариядағы Ресей елшілігінің алдындағы тротуардың атауын «Украина батырларының аллеясы» деп өзгерту туралы шешім қабылдады.
Ресей дипломатиялық өкілдігінің маңында орналасқан тағы бір атауы жоқ жерге Борис Немцовтың есімі берілді. Депутаттардың басым бөлігі Софиядағы әкімшілік ғимаратқа Болгария жалауының жанына Украинаның туын ілуге рұқсат берді.
Депутаттар 7 сәуірде осыған ұқсас шешім қабылдаған болатын, алайда София облысының басшысы Иван Кючуков елорда муниципалитеті депутаттарының бастамасын қолдамай, оның қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтінін айтып, 18 сәуірде ұсынысты жаңадан қарауға қайтарды. Осыған байланысты сәрсенбі күні София облысы әкімшілігінің кіреберісіне қызыл түсті бояу шашып кетті.