Алматыда Роза Бағлановаға қойылған ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы халық әртісінің 100 жылдық мерейтойы аясында өтті.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Алматы әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев , Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, мәдениет қайраткері Қуаныш Әбдіқалымов, филолог және ақын Ақұштап Бақтыгереева, Роза Бағланованың туыстары мен жақындары — ұлы және келіні Тәжен мен Марал Бағлановтар қатысты.