Латвия президенті соңғы екі айдың ішінде Украинаға елдің қорғаныс бюджетінің үштен бірін бергенін айтты.
«Біз Латвияда екі айдың ішінде жылдық әскери бюджетіміздің үштен бірін Украинаның әскери қуатын қолдауға бердік», — деді Латвия президенті.
Левиц НАТО-ға мүше басқа елдер Украинаға көмектес көрсетіп жатқанын және бұның мәні зор екенін айтты. Сондай-ақ ол Украинаға альянстың барлық мүшелері көмек көрсетуі қажет екенін атап өтті.