Орал қаласының көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Қанат Мұқанов пара алды деген күдікке ілінді.
Алдын ала ақпарат бойынша, Мұқанов 50 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды.
Жедел ақпарат бойынша, Мұқанов 11 сәуір, дүйсенбі күні ұсталды. Подполковник анықтаманы жеделдетіп бергені үшін ақша алды деген күдікке ілінді. Қазір ол Орал қаласының УҰИ-де отыр.
Полиция департаменті әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір айта алмайтындарын айтып, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне хабарласуды сұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Мұқановтың ұсталғанын растады, бірақ егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
БҚО сотының баспасөз қызметі бұл істің материалдары тергеу сотына әлі түспегенін хабарлады.