Алматыда Қазақстан Президентінің сүрілген резиденциясының орнына саябақ ашылады.
Жобаны Kazgor академиясы мен жасыл экономика басқармасының мамандары әзірледі.
«Kazgor» жобалық академиясы Алматыдағы Президент резиденциясының орнына салынатын сквердің эскизін көрсетті.
Әзірлеушілер жобаны жасыл экономика басқармасының мамандарымен бірлесіп жасады.
Авторлар әзірге бұл тек әзірленген ұсыныстар ғана екенін айтты. Тұжырымдама әлі бекітілмеді.